Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Премьер-Министрі Қазақстанның үш ірі астықты аймақтарының басшыларымен кеңес өткізді

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.
None
None
Үкімет басшысы «Сұлтан-ұн-жарма комбинаты элеваторы» АҚ-да, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ЖШС-да, «Наурыз-2030» ЖШС-да болды. Үкімет басшысына олардың қызметі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Петропавл өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығы өңдеу кәсіпорындарының дамуы, аймақта жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысы жайында баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қызылжар ауданындағы «Абижер» ЖШС-ында Премьер-Министрге көктемгі далалық жұмыстардың барысы баяндалды. Ол бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының алқаптарында жұмыс жасап жатқан жаңа жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларын көрді, солтүстікқазақстандық кәсіпорындар шығаратын тамақ өнеркәсібі өнімдерімен танысты. Осы шаруашылықтың базасында Қазақстанның астық егетін үш ірі аймағының ? Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары агроқұрлымдары басшыларының қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес жұмысына Үкімет басшысының қасына еріп жүрген министрліктер мен ведомстволардың, бірқатар ұлттық компаниялардың басшылары, үш облыстың әкімдері қатысты. Кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, «ҚазАгро» ҰХ» АҚ басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков, СҚО, Ақмола және Қостанай облыстарының әкімдері Серік Біләлов, Альберт Рау және Сергей Кулагин, Ақмола облысындағы «Родина» өндірістік кооперативінің бас директоры Иван Сауэр және басқалар баяндамалар жасады. Өздерінің сөздерінде олар агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, соның ішінде «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның жаңa егіннің астығын сатып алуға, гербицидтерді сатып алуды субсидиялауға және олардың бағаларына, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеуге, жаңа технологияларды енгізуді ынталандыруға қатысты және басқа да кең ауқымды мәселелерді көтерді.Кеңеске қатысушылар әртүрлі мәселелер бойынша проблемаларымен бөлісті және Премьерге өз ұсыныстарын жеткізді. Айталық, Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин жаңа егіннің астығының әр тоннасына белгіленетін бағаны 180-нен 220 АҚШ долларына дейін ұлғайту қажеттігі туралы пікірін білдірді. «Родина» өндірістік кооперативінің бас директоры Иван Сауэр жеке қосалқы шаруашылықтардағы әртүрлі ауруларға ұшыраған ірі мүйізді малдың жағдайына малдәрігерлік бақылауды күшейту туралы ой қозғады.Әңгіме барысында Үкімет басшысының өзі сауалдар қойды және ұсыныстар енгізді. Ол Қостанай облысының әкіміне ҚР Индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып аймақта «Джон Дир» үлгісіндегі қазіргі заманғы жоғары технологиялық егіс кешені өндірісін қолға алу мәселесін қарауды ұсынды және аталған жобаға қаржылай көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ К.Мәсімов алда Кедендік одақтың құрылуына байланысты басқа елдер нарығына бәсекеге қабілетті өнімдерді сыртқа шығара алатын кәсіпорындарға қолдау көрсетудің қажеттігі туралы айтты.Кеңесті қорытындылаған Премьер-Министр: «Биылғы жылы әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты көктемгі науқанды уақытында өткеру оңай болмады. Республиканың банк жүйесі үлкен қиындықтарға тап болды, ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары көктемгі дала жұмыстарын қалыпты жүргізу ресурсынан айырылып қалды. Мемлекет басшысының кезінде шұғыл шара қолдану қажеттігін бағамдай білуінің арқасында Ұлттық қорға резерв жиналды, осы қаржының жекелеген бөлігін мемлекет әлемдік және біздің экономикамыз үшін өте күрделі кезеңнің өзінде «ҚазАгро» компаниясы арқылы көктемгі науқанды ойдағыдай аяқтауға бағыттай алды. Бүгінде науқан аяқталып қалды, бұл салада ешқандай да қолбайлау жоқ, бәрі де шешілді. Жалпы алқаптың 95-97 пайызына дән себілді, аптаның соңына дейін науқан толық бітеді...», - деп атап өтті.Үкімет басшысы, бұл мәселенің екінші бөлігі ? астық жинауды уақытында аяқтау, ЖЖМ жеткіліксіздігі ертеңгі жиын-терін кезінде аяқтан шалмас үшін, оның қорын жеткілікті мөлшерде дайындап алу керектігін қадап айтты. Сондай-ақ, Премьер майлы дақылдардың көлемін ұлғайтудың маңыздылығына тоқталып өтті, өйткені халықты қазақстандық өндіріс арқылы күнбағыс майымен қамтамасыз ету керек. Азық-түлік бағасы күрт шарықтап кеткен өткен жылғыдай ахуалдың алдын алу қажет.Жаңа егіннің астығын сатып алу жөніндегі баға саясатына қатысты, К.Мәсімов қазіргі жағдайда мұның қарапайым мәселе емес екендігіне тоқталды. Өткен жылы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ астықтың тоннасын өте жоғары бағамен ? 250 АҚШ долларымен сатып алды, бірақ дағдарыс салдарынан оның бағасы түсіп кетіп, көп мөлшердегі астық сатылмай қалды. Азық-түлік корпорациясы қиындықтың үлкен қамытын мойнына киді. Сондықтан да, баға нарықтағы қазіргі қаржы-экономикалық жағдайға қарай жасалуы тиіс. Сонымен қатар Үкімет басшысы мал шаруашылығын дамыту және гербицидтер мен азот тыңайтқыштары өндірісін субсидиялау мәселесіне тоқталды.Кездесу соңында Кәрім Мәсімов әңгіменің маңызды және ашық түрде өткеніне қанағаттанғандығын білдірді және қатысушыларға мол астық жинауға тілектестігін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум