Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар екі шекара бұзушыны 5 келі марихуанамен ұстады

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар екі шекара бұзушыны 5 келі марихуанамен ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
None
None

«Қыркүйектің 30-ында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Солтүстік» аймақтық басқармасының шекара отряды «Ақкөл» (СҚО) шекара бекетінде шекара бекетін айналып, Ресей Федерациясына өтіп бара жатқан екі Қазақстан азаматын қолға түсірді», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Олардың жеке заттарын тінту кезінде, жалпы салмағы 5 келі болатын марихуана есірткісі салынған қалта табылып, тәркіленді. Ұсталғандар Мамлютка стансысындағы ЖІІБ қызметкерлеріне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар