20:13, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде бағбандық, бақшалық және саяжай шаруашылықтарын дамытудың аймақтық бағдарламасы талқыланды
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда 2010 жылға арналған бағбандық, бақшалық және саяжай шаруашылықтарын дамытудың аймақтық бағдарламасы әзірленді. Ол Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловта өткен кеңесте талқыланды.
Кеңесте өздері өсірген көкөніспен, жеміс-жидек өнімдерімен және картоппен облыс орталығының тұрғындарын қамтамасыз ету 2009 жылы басталғаны аталды. Бұл жұмыстардың басты мақсаты - азаматтарды өз өнімдерімен өздерін қамтамасыз етуі, артық өнімдерді қала базарларында сату үшін халыққа саяжай шаруашылығын, бағбандықты дамытуда мемлекеттік қолдау көрсету. Бұлардың барлығы да инфляцияны ырықтандыруға, жемістердің, көкөністердің және картоптың бағаларын төмендетуге, қараусыз қалған саяжайларды қалпына келтіруге ықпал етуі тиіс.
Кеңесте бау-бақша кооперативтерінде орын алып отырған мәселелер талқыланды. Облыс әкімі көтерілген мәселелерге биыл барынша қатаң және орнықты назар аударылатынын атап өтті.