11:25, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысының командасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бас жүлдесіне иелік етті
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Көкшетауда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұжымдары спорт командалары арасында өткізілген біріншілік жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлер қошеметке бөленді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.Байрақты бәсекеге аймақтық жарыстарда жеңіске жеткен Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының командалары қатысып, бақтарын сынады. Спартакиада барысында үміткерлер шаңғы, шахмат, стол теннисінен күш сынасты. Екі күндік бәсеке қорытындысында жалпы командалық есепте Солтүстік Қазақстан облысының командасы бірінші орынға көтерілді. Ал екінші жүлде Қарағанды, үшінші орын Батыс Қазақстан облысы командаларының еншісіне тиді.