Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Кубраковтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Бүгінде Г.Кубраков тірі болса, 90 жасқа толар еді. Мектеп ғимаратында ескерткіш тақтаны ашу рәсіміне оның әріптестері, түлектері, мектеп мұғалімдері, туыстары мен жақындары қатысты.
Григорий Максимович Кубраков 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Есіл ауданындағы Петровка ауылында дүниеге келді - КСРО халық мұғалімі (1988). Медицина техникумын және Петропавл пединститутын бітірген. Ол - Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек етті, мұғалім, облыс мектептерінің директоры болды. 1963-1988 жылдары Мамлют шипажайлық мектеп-интернат директоры болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен оқу-медициналық мектеп республикадағы үлгілі оқу орнына айналды. Г.Кубраков М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті болды, «Парасат», Қызыл жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.