14:23, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысының пенитенциарлық жүйесі қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Солтүстік Қазақстан облысының пенитенциарлық жүйесі қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетті,
деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖК департаменті.
СҚО бойынша ҚАЖК департаменті бастығының орынбасары Бибігүл Мансұрованың айтуынша, ҚАЖ қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын аталмыш облыстың су тасқынынан зардап шеккендер қорына аудару туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Нәтижесінде 1,5 млн. теңге жиналды.
Жеке қаражаттарын табиғат апатынан зардап шеккендерге жіберу акциясын еңбекпен қамтылған сотталғандар да қолдап отыр. 100-ге жуық сотталғанның әрқайсысы 100 теңгеден аударды, деп хабарлады Б.Мансұрова.