Солтүстік Қазақстан полицейлері ұрлық-қарлықтың жолын кесуге бағытталған «Қарақшылық» операциясын өткізді

Қыс түсіп, күн қысқара бастаған кезде, көше қылмыстарының алдын алудың өзектілігі арта түседі, дейді полицейлер. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жеке құраммен өткізілген нұсқаулық кеңесте бірқатар міндеттер қойылды, оның негізгісі - ұрлық-қарлық қылмыстар жасағаны үшін бұған дейін сотталғандарды профилактикалық есепке алу, ұрланған заттарды өткізудің арналарын анықтау және жою болды.
Сондай-ақ, департамент басшылығы, шолғыншылардың бағыттарын қайта қарап шықты, күрделі аудандарда қызмет атқарушы нарядтар күшейтілді. Облыс және аудан орталықтарында аталмыш қылмыстарды анықтау және оларды жедел ашу үшін жедел іздестіру тобы құрылды.
Операцияның үш күнінде Солтүстік Қазақстан облысында 22 кісі тонау, 16 бөтеннің мүлкін ұрлау факті, оның ішінде 4 пәтер тонау оқиғасы тіркелді. Сондай-ақ, бір кісі өлтіру қылмысы, бір-бірден бұзақылық, бопсалау, алаяқтық, қару сақтау қылмыстары тіркелді. Бұрын жасалған 24 қылмыстың беті ашылды. Қылмыс жасаған 28 тұлға анықталды.