11:59, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Солтүстік Қазақстанда өрт салдарынан 30 гектар бидай алқабы жанып кетті
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда өрт салдарынан 30 гектар бидай алқабы жанып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға Айыртау ауданында, «Сарымбет-1» ЖШС-на қарасты бидай алқабында орын алған.
«Жалынның аумағы 30 гектарды құрады», - деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.