Солтүстік Қазақстанда Ресейдің Түмен облысының делегациясы болып кетті

ПЕТРОПАВЛ.  Қазанның  30-ы.   ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Бейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Түмен  облысының делегациясы   келді.    Көршілер Манаш  Қозыбаев  атындағы    Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінде, 
None
None

университет  обсерваториясында,  сондай-ақ    «Зенченко және К»    коммандиттік серіктестігінде  болды.

Ресейліктердің   Солтүстік Қазақстан  облысына сапары  екі  облыстың арасында   қол қойылған   Ынтымақтастық  туралы меморандумға сәйкес   өтті.   Түмен облысының Мемлекеттік  думасының   депутаты  Владимир  Сысоев «Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік  университетінде болған  сапарымыздан  жақсы әсер  алдық,     онда студенттерге   барынша  жақсы жағдай  жасалған»,  деп  атап көрсетті.

Қонақтар  университетке Түмен облысы  туралы үлкен энциклопедияның бірнеше  томын   тарту етті.     Жақында   Солтүстік Қазақстан  делегациясы  да  Түменге сапар  жасайды.      Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінде  қазіргі уақытта 250-ге жуық түмендік студент білім алады.

Соңғы жаңалықтар