Солтүстік Қазақстандағы өрт әйел мен бала өмірін қиып кетті

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Лобаново ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, әйел мен ер бала ажал құшты.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жалын 23 сәуір күні сағат 15.45-те шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 3 маманы мен бір техникасы, Ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 5 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 206 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 48 жастағы әйел мен 2 жастағы бүлдіршіннің мәйіттері табылды.

Соңғы жаңалықтар