Солтүстік Қазақстанның элеваторлары мен астық қабылдау қосындары биылғы бидайды қабылдап алуға әзір - Солтүстік Қазақстан әкімі

ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан агроқұрылымдарының дені егін орағына кірісіп кетті.
None
None

Әзірге орым жүріп жатыр, келесі аптада шаруашылықтар астықты бастыруға кіріседі. Солтүстік Қазақстанның диқандары биыл 3 миллион 900 мың гектар алқаптың егінін орады.

Қазіргі таңда облыста жанар-жағармайдың жеткілікті қоры бар, қажетті техникалар да дайын. Ал, элеваторлар мен астық қабылдау қосындарына келер болсақ, олар да бидай қабылдауға дайын отыр.

Бұл туралы облыс әкімі Серік Біләлов Қызылжар ауданының шаруашылықтарын аралаған сапарында журналистерге мәлім етті.

«Облыстың агроөнеркәсіптік кешені егін орағына әзір. Астық қабылдау қосындары да бидай қабылдауға дайын. Лицензия алған 49 элеватордың 41-і аттестациядан өтті. Қалған сегіз элеватор дүйсенбі, тамыздың 16-сына дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтап қалады. Элеваторларды босату мәселесіне келер болсақ, олардың қамбасында Азық-түлік корпорациясының 1 миллион тоннадан астам астығы болған-тын, сондықтан да Елбасының және Үкіметтің тапсырмасы бойынша қазір астықты солтүстіктен еліміздің басқа өңірлеріне тиеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

С.Біләловтың айтуынша, «қазіргі таңда астық негізінен Оңтүстік-Орал теміржолына тиелуде. Оңтүстік Орал теміржолында да, «Қазақстан темір жолы» компаниясында да вагон жеткілікті. Элеваторлар жедел қарқынмен босатылуда, тамыздың 20-сына дейін барлық қамба босайды».

Оған қоса, инвестор-фирмалар, агрошаруашылық басшылары элеваторлар салу және астық қабылдау жөніндегі қосымша қамбаларды іске қосу туралы шешімдер қабылдап отыр. Биыл облыс элеваторларының қамбасы 320 мың тоннаға кеңейеді.

Соңғы жаңалықтар