Солтүстік Қазақстанның полиция қызметкерлері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетуде

ПЕТРОПАВЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Ұлы Жеңістің мерейтойына санаулы күндер қалды. Мамырдың 9-ы қарсаңында барлық ұйымдар мен ведомстволар өз қамқорлықтарына алынған ардагерлерді аралап,
None
None

оларға шама-шарықтарынша көмек көрсетуде. Солтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері де бұл игі істен тыс қалған жоқ, олар тек соғыс ардагерлеріне ғана емес, тыл еңбеккерлеріне де қамқорлық көрсетіп отыр.

Атап айтқанда, Петропавл Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Ташенов пен 2-ші қалалық полиция бөлімінің бастығы майор Асан Мейрамов тыл еңбеккері Серафима Яковлевна Морозованың үйіне барып Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Зейнетке дейін Серафима Яковлевна ұзақ жылдар бойы қалалық ішкі істер басқармасында еңбек еткен, сондықтан да қазіргі тәртіп сақшылары табыс еткен гүл шоғы - тек қамқорлық қана емес, құрмет те. Полицейлер қарияға сондай-ақ, тұрмыста қажетті сыйлық - газ плитасын тарту етті. 83 жастағы қария бұл сыйлыққа қатты қуанды, осындай дүниеге мұқтаж екенін жасырған жоқ.

Тыл еңбеккері полиция қызметкерлері соғыс жылдарындағы өмірі, қалалық милиция бөліміндегі еңбек жылдары туралы әңгімелеп берді. Серафима Яковлевнаның наградасы көп, олай болуы заңды да, себебі ол кісі - соғыс жылдары тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқандардың бірі.

Соңғы жаңалықтар