Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтары егін орағына кірісті

Виктор Редин басқаратын серіктестік биыл 5,5 мың гектардай алқапқа бидай егіп отыр. Биылғы егін орағына 9 ору техникасы жұмылдырылды, оның ішінде өнімділігі өзге комбайндарға қарағанда 2-3 есеге жоғары американдық «Джон Дир» кешені де бар.
Облыс әкімімен болған әңгімесінде шаруашылық басшысы, былтыр егіннің орташа шығымдылығы 30 центнер/гектардан болғанын, ал биыл құрғақшылыққа байланысты, айналымнан 15 центнер/гектардан астық ору жоспарланып отырғанын жеткізді. Дихандардың пікірінше, биылғы жайсыз ауа райына қарамастан, бұл көрсеткіштің өзі жаман емес.
Облыс әкімі өз сөзінде: «... қазіргі таңда облыстың агроөнеркәсіптік кешені егін орағына дайын екенін, астық қабылдау пункттері де бидай қабылдауға әзір отырғанын» атап көрсетті. «Жанар-жағармай қоры жеткілікті, техника да дайын, Солтүстік Қазақстан облысының алқаптарында өсірілген астықтың барлығы ұйымдасқан түрде және еш шығынсыз жиналып алынады деп үміттенемін. Ал атқарушы билік пен мемлекеттік органдар егін орағының жоғары қарқынына көмектесу үшін өз тарапынан барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр», деді Серік Біләлов өз сөзінде.