Солтүстік Қазақстанның жаңа прокуроры ұрлық көлемін 50% азайтуға уәде берді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының жаңадан тағайындалған прокуроры Берік Асылов республикалық және аймақтық БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Ол жұмыс жоспарлары туралы баяндап, облыстағы криминогенді жағдай туралы сараптама қорытындыларымен бөлісті. Берік Асылов қылмыс арасында ұрлықтың көбейгенін атап өтті. Жыл басынан бері жасалған 1917 қылмыстың 1126-сы ұрлық болып шыққан.

 «Мен ұрлық санын 50% төмендетуді басты мақсат етіп қойып отырмын, осылайша қылмыс деңгейін түсіруге болады. Өткен жылы СҚО-да жасалған қылмыстың 60% ұрлық құрайды. Мәселен, бірінші тоқсанда жасалған 1917 қылмыс ішінде 1126 ұрлық бар. Олардың санын азайтуға болады, ол үшін түрлі құралдар бар, мәселен, онлайн-бейнебақылау. Дәл осындай жұмыспен өзге аймақта тәжірибе жинақтағанмын», - деді СҚО прокуроры.

Тағы бір мәселе - бизнесті қорғау. Облыс прокуроры кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік экономикалық жағдайына оң ықпал ететініне сенімді. Бизнес белсенділігінің өсуі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жұмыссыздықты азайса, қылмыс саны да азаяды. Статистикаға сәйкес, СҚО-да көбінесе тұрақты жұмысы жоқтар мен есірткіге тәуелділер қылмысқа барады. 

Соңғы жаңалықтар