17:45, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Солтүстік Кореяда елдің құрылған күні тойлануда
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея өзінің құрылған күнін атап өтуде. Осынау атаулы күнге орай бүгін ел көсемі Ким Чен Ир халықтың алдына шықты, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Ким Чен Ир Мемлекеттік хордың концертіне қатысты. Концерт Солтүстік Кореяның әнұранын орындаудан басталып, патриоттық әндермен жалғасты.
Бұл күндері Пхеньянда Корея Еңбек партиясы съезінің делегаттары бас қосып отыр. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері алғаш рет шақырылып отырған бұл съезде Ким Чен Ирдің ұлы Ким Чен Ун өз әкесінің мұрагері ретінде ресми жарияланады деп күтілуде.