Солтүстікқазақстандық қажылар Меккеден оралды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық қажылар Меккеден оралды, деп хабарлады «Қызылжар» орталық мешітінен.
None
None

Солтүстікқазақстандықтар Отанымызға 1 қазанда келді. Қасиетті жерде 15 дін ұстанған жамағат болды. Олардың бәрі де дін-аман, үлкен әсермен келіп жетті.

«Мен қажылық парызымды өтеп, елге аман-есен оралғаныма қуаныштымын. Мединеде, Арафатта болдық. Жан-сарайымыз жеңілденіп қалды. Меккеде биыл бесінші рет болдым», - деді солтүстікқазақстандық Сәлима қажы Балтабаева.

Қажылық - мұсылманның бес парызының бірі екенін атап өткен жөн. Қажылық парызды өтеушілер Мекке мен Мединада зиярат етеді.

Соңғы жаңалықтар