Солтүстікқазақстандық шаңғышы Олег Сысолятин 2010 жылғы Паралимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алды

ПЕТРОПАВЛ.  Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Солтүстікқазақстандық шаңғышы  Олег Сысолятин   Канаданың Ванкувер   қаласында  2010 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардан кейін өтетін Паралимпиадалық  ойындарға лицензия  жеңіп алды.  
None
None

Олег    көптеген    халықаралық  марафондар  мен  жартылай марафондарға    қатысқан,   сондай-ақ  ол   өз  жас санатындағы күшті  шаңғышы саналады.  Паралимпиадалық ойындарда  ол    шаңғы жарысына  қатысады.   Онымен бірге Канадаға    оның  жаттықтырушысы Владислав Якушев барады.  Олардың жолкіресін    ҚР  Туризм және  спорт министрлігі   көтереді.

Ойындарға   тағы  бір солтүстікқазақстандық спортшы Қайрат  Қанафиннің  қатысу мүмкіндігі  жоққа шығарылмайды,   бірақ  жарыс  шарттары  бойынша  екінші лицензия  демеушілік  қаражаттың есебінен   қамтамасыз  етілуі  керек.

Соңғы жаңалықтар