Солтүстікқазақстандық жол полицейлері «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен бірлескен рейд жүргізуде

РОПАВЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстікқазақстандық жол полицейлері «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Берік Біләловтың бастамасы «Нұр Отан» ХДП басшылары тарапынан қолдау тапты.

 Полицейлер мен «Нұр Отан» ХДП бірлескен жұмыстары жол полицейлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық туралы жалған қауесетті жоюы тиіс.

 Биылғы жылғы 9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 45 мыңнан астам жол-қозғалысы ережелерін түрлі бұзушылықтар анықталды. Мас күйінде рөлге отырған 3 429 жүргізуші ұсталды, 2 228 адамның жүргізуші куәліктері алынды, 961 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Жаяу жүргіншілердің тәртібі өзекті проблема болып қалып отыр: биылғы жылы 2 500 жүргінші жауаптылыққа тартылды.

Соңғы жаңалықтар