Солтүстікқазақстандықтар бизнес ашу үшін «БЖК-2020» бағдарламасын белсенді пайдалануда
Аталған нысанның ашылуында сөз сөйлеген Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров елімізде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың саясаты арқасында бизнес ахуал үшін барынша жайлы жағдай жасалып отырғанын атап өтті.
«Ет және балық өнімдерін өңдейтін жаңа цехтың ашылуы өңдеу өнеркәсібі секторының одан ары дамуын дәлелдейді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бұл жобаны жүзеге асыру аудандағы шағын бизнес саласын дамытудағы тағы бір қадамға айналды. Жаңа кәсіпорынның жұмысы ішкі нарықты дамытуға тың серпін беріп, 4 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр», - деді А.Тастеміров.
«Айыртау деликатестері» цехы ғимаратын жаңғырту барысында Ресейден сатып алынған жаңа заманауи құрал-жабдықтар орнатылды.
«Ет пен балықты біркелкі тұздау үшін құрал-жабдық, сүрлеу құрылғысы бар. Оларды қысқа мерзім ішінде сүрленген дайын өнім ретінде әзірлеуге мүмкіндік беретін, өнімді жаншитын вакуумдық құрылғы орнатылған. Жаңа құрылғының көмегімен мәселен, бір тәулікте 1 тонна балықты сүрлеуге болады», - деді «Айыртау деликатестері» кәсіпорнының директоры Александр Дербеденев.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылы Айыртау ауданының кәсіпкерлері «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 61 млн. теңгенің 26 несиесін алды.