13:46, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Солтүстікқазақстандықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ – Солтүстік Қазақстан облысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Петропавлда саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне облыс әкімі Серік Біләлов, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық және қалалық филиалдарының өкілдері, дін қызметшілері, репрессияға ұшырағандардың туыстары, соғыс және еңбек ардагерлері, «Тағзым», «Асыл мұра» қоғамдық бірлестіктерінің, мекемелер мен ұйымдардың, жұртшылық және жастар өкілдері гүл шоқтарын қойды.