19:16, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Солтүстікқазақстандықтар шетелдегі мүлкін белсенді түрде заңдастырып жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылы солтүстікқазақстандықтар шетелдегі 6 тұрғын үй нысанын заңдастырды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ филиалында өткен брифингте мемлекеттік кіріс департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Анар Адиева мәлім етті.
«2015 жылдың 30 қарашасына дейінгі жағдай бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне шетелдегі құны 29 173 мың теңгені құрайтын 8 тұрғын үй нысанын және құны 2 198 мың теңгені құрайтын тұрғын үйге жатпайтын 1 нысанды заңдастыру бойынша өтініш келіп түсті. Келіп түскен өтініштер бойынша жылжымайтын мүлік нысандарының құны 31 371 мың теңгені құрады. Мүлікті заңдастыруға жиналған ақша 2 917 мың теңгені құрады. 6 нысан заңдастырылды, қалған өтініштер қаралып жатыр», - деді А. Адиева.