17:02, 25 Мамыр 2016 | GMT +5
Солтүстіктегі шұрайлы жерлерге оңтүстік халқын көшіру керек - Б. Тілеухан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстіктегі шұрайлы жерлерге оңтүстік халқын көшіру керек. Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның Құқықтық және ақпараттық-түсіндіру бағытындағы жұмыс тобының алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты, аталған комиссия мүшесі Бекболат Тілеухан осы мәселені көтерді.

Депутаттың пайымынша, солтүстікте бос жатқан шұрайлы жерлерге оңтүстік өңірдегі тығыз орналасқан халықты көшіру керек. Бұл шара еліміздегі жұмыссыздық мәселесін, экономика мәселесін ғана емес, демографияның мәселесін шешуге де оң септігін тигізеді.
«Сонымен қатар, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерін түгелдей паспорттап, түгендеу жүргізу керек. Жерге қатысты мәліметтерді жинақтастырып, ақпараттарды орталықтандыратын кез келді. Агрофирмаларды, ауыл шаруашылығы банкін құрғанымыз абзал. Сонымен бірге, елдің көкейіндегі тағы бір түйін жерді банкке кепілге қойып несие алуды қайта қарастыру керек. Өйткені, жер банкке өтсе, банктер тауарға айналдырады», - деді Б. Тілеухан.