Сонау 1920 жылы негізі қаланған «ҚазАқпарат» өмір көшінің алдыңғы легінде келеді - Е.Сұлтанов
Құрметті Дәурен Кеңесұлы!
Құрметті «ҚазАқпарат» ХАА қызметкерлері!
Сіздерді атаулы оқиға - «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің 95 жылдығымен құттықтаймын!
Сонау 1920 жылы негізі қаланған Қазақ ақпараттық агенттігі қашанда өмір көшінің алдыңғы легінде, саяси, әлеуметтік және мәдени оқиғалардың қақ ортасында жүрген.
Агенттіктің қалыптасу жылдары Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Тарихи маңызы бар барлық оқиғалар «ҚазАқпараттың» жаңалықтар таспасынан орын алды.
Жаңа медиаформаттар мен ғаламтор-технологиялары барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан жұмыс стилін өзгертуін талап етті. «ҚазАқпарат» заманауи техникалық мүмкіндіктерді толық көлемде қолданып, ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы позицияларын бекіте алды. Агенттік қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады, оның аймақтың барлық елдерінде және таяу және қиыр шетелде өз өкілдіктері бар.
Бүгінде «ҚазАқпарат» - ең танымал желілік ресурстардың бірі ғана емес, бұл оқырмандар арасында беделге ие болып отырған жедел және сенімді ақпарат көзі.
Ұзақ жылдар бойы «ҚазАқпараттың» жаңалықтар таспасында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдар лайықты орын алып жатыр.
95 жылдың ішінде жиналған жұмыс тәжірибесі мен агенттік қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін болашақта тұрақты және сапалы жұмыстың сенімді кепілі деп атауға болады.
Сіздің командаңызға іскерлік табыс, алға қойған жоспарларды іске асыру, үздіксіз шығармашылық өсім, шабыт пен оптимизм тілеймін!
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтанов