Соңғы 10 жылда Павлодар облысының өңірлік өнімі 5 еседен астам өсті

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар облысының аумағында көпсалалы индустриялық кешен шоғырланған.
None
None

Жалпы өңірлік өнім соңғы 10 жылда 203,7 млрд. теңгеден 1031,9 млрд. теңгеге дейін, яғни 5 еседен астам өсіп отыр, деп хабарлады  Pm.kz сайты.

Еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің 7 пайызға жуығы, көмір өндірісінің 70 пайызға жуығы, ферроқорытпа өндірісінің 74 пайызы, электр қуаты мен мұнай өнімдері өндірісінің 40 пайыздан астамы, бастапқы алюминий мен глинозем өндірісінің 100 пайызы Павлодар облысының үлесіне тиесілі. Өңірде Экібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Ақсу ЖЭС сияқты ірі электр стансалары жұмыс істейді.

Өнеркәсіптік секторда 1991 жыл мен 2011 жылдың 9 айының аралығындағы кезеңде өнеркәсіптік өндірістің көлемі 5366,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндірістің көлеміндегі ең үлкен үлес салмағын - 67,3 пайызын - өңдеу өнеркәсібі алып отыр, ал кен өндірісінің үлесі- 8,9 пайызды, электр қуатының өндірісі- 21,7 пайызды, сумен жабдықтау - 2,1 пайызды құрайды.

Мұнымен қатар, Павлодар облысы - шикізаттық базаға бай және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қуатты өндірісі дамыған өңір. 20 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 148,9 млрд. теңгені құрап, 267 есеге артты, өнім түрлері 60 есеге ұлғайды.

2011 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,3 есеге өсіп, 2010 жылы 24,4 мың бірлікті құрады. 2010 жылы сыртқы сауда айналымы 1999 жылмен салыстырғанда 4,7 есеге артты.

Соңғы жаңалықтар