Соңғы бірнеше жылда ОАӨЭЫ бағдарламасы бойынша 50 млрд. доллардың 100-ден астам жобасы жүзеге асты
Бұл туралы бүгін елордада Азия Даму Банкінің Орталық-Азиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша семинар-кеңес барысында мәлім болды.
Жиын барысында сөз алған Дүниежүзілік банктің табиғи ресурстар жөніндегі бас маманы Саймон Кроксон Орталық-Азиялық өңірлік ынтымақтастық бағдарламасының қызметіне тоқтала келе, аталған бағыттағы бірқатар алға жылжушылықтарды оң бағалады. «Дүниежүзілік банк ОАӨЭЫ бағдарламасы бойынша соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, таңданыс білдіреді», - деді С. Кроксон. Оның айтуынша, Ұйымның өңір мемлекеттерімен ынтымақтастығы үшін икемді институттар құрылып, басым жобалар анықталған. «Бүгінгі күні ОАӨЭЫ жұмыс жоспарларын нақтылай түсуі қажет. Сонда ұйым жақын аарлықта орын алуы мүмкін қиындықтарды қатысушы-мемлекеттермен бірлесе еңсеруге бағытталған көмекті тиімді жүзеге асыратын еді. Жалпы, ұйымның 2020 жылға дейінгі жобасы негізінен оның қатысушы мемлекеттерімен келісілген. Ал Астанадағы басқосу барысында олар тағы нақтылана түседі», - дейді С. Кроксон.
Естеріңізге сала кетейік, ОАӨЭЫ бағдарламасының бірінші кезектегі мақсаты ынтымақтастық арқылы экономикалық өсімді күшейтіп, кедейлік деңгейін төмендету болып табылады. Бұл ретте ұйым негізінен экономика секторындағы өзінің сантүрлі бастамалары бойынша жобаларға негізделген және нәтижелерге бағытталған шараларын нақты қамтамасыз етуді қарастырады. Атап айтқанда, бағдарлама көлік, сауда саясаты, сауда-саттық пен энергетикалық мәселелер бойынша жәрдемдесу мақсаттарын қамтиды.