Соңғы кезде әскери қызметке алынған жастардың 28 пайызы жоғары білімді болып отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жастарды көктемгі әскерге шақыру маусымы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірден әскери қызметке 800-дей жас алынбақ. БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Данияр Ғалиевтің айтуынша, департамент әскери бөлімдерге жастарды білімі мен денсаулығына, қарым-қабілетіне қарай іріктеп жіберіп отырады. Мәселен, «Ұланға» денсаулығы мықты, тұлғасына көз тоятын, бойы 178 сантиметрден аласа емес, кемінде орта білімі бар жастар бара алады. ҚР Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери бөлімдерінде қызмет етушілерге де қойылатын талап жоғары. Соңғы кезде әскери қызметке алынғандардың 28 пайызы жоғары білімді болып отыр. Өткен жылы әскери-техникалық мектепте 36 бозбала арнайы дайындалып, қызметке жіберілді.

Жастар арасында сардар болуға талпынушылар да аз емес. Қазіргі таңда 328 батысқазақстандық еліміздің және алыс-жақын шетелдердің әскери оқу орындарында білім алуда. Соның ішінде 44-і Ресейде, төртеуі Түркияда оқуда. Тек өткен жылдың өзінде 86 жас әскери мамандық алу үшін жоғары оқу орындарына түсті. Биыл департамент 159 азаматты алыс-жақын шетелдегі әскери оқу орындарына жіберуді жоспарлап отыр. Түркия, Пәкстан, Үндістан, Германия сынды елдерде әскери білім алған жастар елімізге аса қажет мамандықтарды меңгеріп оралады.

Соңғы жаңалықтар