Соңғы кезде Қазақстан-Словакия қарым-қатынастары айтарлықтай жандана түсті

СТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы кезде Қазақстан-Словакия қарым-қатынастары айтарлықтай жандана түсті. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстан-словак бизнес-форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған екі елдің сауда-өнеркәсіптік палаталары арасында Іскерлік кеңес құру жөніндегі келісімге қол қою дәлел бола алады»,-деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгінгі форумға Қазақстан тарапынан 52, ал Словакия жағынан 22 компания қатысып отырғанын айта келе, келіссөздер барысында 10-15 келісімшартқа қол қойылатынына үміт артты.

«Атап айтқанда, Қазақстан осы өңірге бағытталған 90 пайызға тарта шетелдік тікелей инвестицияларды тартты. Бұл 100 миллиард АҚШ долларына жуық қаржыны құрайды», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар