Соңғы үш жылда Қызылорда облысының ауыл шаруашылығын қолдауға 2318,5 млн. теңге қаржы жұмсалды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Соңғы үш жылдың ішінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығын қолдау үшін Үкіметтен 2318,5 млн. теңге қаржы бөлініп, аталмыш мақсатқа жұмсалды.
None
None

Ол негізінен аймақтағы күріш егумен шұғылданатын 390 шаруашылықтың ауыспалы егіс танаптарын қалпына келтіріп, оларды күтіп ұстаулары үшін берілді. Соның нәтижесінде осы кезге дейін айналымнан шығып қалған 4,8 мың гектар алқаптың қайта қатарға қосылуына жол ашылды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 160,9 мың гектарға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар