Сот 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь ішімдіктерін сатқан кәсіпкерлердің лицензияларын тоқтатты

ӨСКЕМЕН. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан прокуратурасы алкоголь өнімдерін сату кезінде әкімшілік заңбұзушылықтар туралы істердің заңдылықтарын тексеру барысында осындай 6 істі анықтады.
None
None

Кінәлілер әкімшілік жауапқа тартылған. Бірақ, прокурорлық тексеру барысында, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 163-3 бабының талаптарына қарамастан, соттардың кәсіпкерлердің кейбіреулерінің лицензияларын тоқтатпағаны анықталған.

Мысалы, Ұлан ауданында полиция өз дүкенінде жасы 21-ге толмаған азаматқа алкогольдік ішімдік сатқан жеке кәсіпкер Әбішевке 40 минимальдық есептік көрсеткіштің айыппұлын салған. Бірақ сот актінде оның лицензиясын тоқтату туралы ештеңе айтылмаған. Прокуратура наразылық білдіргеннен кейін ғана, облыстық соттың аппеляциялық инстанция соты кәсіпкердің лицензиясын 2 айға тоқтату туралы қаулы қабылдады.

Прокуратура осындай тағы бірнеше фактіні Семейде, Глубокое, Тарбағатай, Күршім аудандарында анықтаған. Заң бұзушылардың лицензиялары түрлі мерзімге тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар