Сот Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Б. Әбдішевті қамауда ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталған Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлады Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.
None
None

«Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының 2014 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен ҚР ҚК 307-бабы 4 бөлімі бойынша айыпталған Б. Әбдішевтің қамауда болу мерзімі үш айға дейін, 2014 жылдың 23 желтоқсаны сағат 17.00 дейін ұзартылды», - деді Ә. Жошева.

Еске сала кетейік, осыған дейін сот Б.Әбдішевті 2 айға 2014 жылдың 23 қарашасына дейін қамауға алу туралы санкция берген.

Соңғы жаңалықтар