Сот «Қазфосфат» ЖШС-дан 2-топтағы мүгедектің пайдасына 3 млн.-нан астам теңге өндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың наурыз айында Құрманқұл Әлімханов Тараз қалалық сотына «Қазфосфат» ЖШС үстінен талап-шағым берді. Оның талабында ол өзінің денсаулығына зиян келтірген жұмыс берушінің кінәсін анықтауды, сондай-ақ талапкердің бірқатар бұйрықтарының күшін жоюды және ЖШС-дан 6 миллионнан астам теңге өндіріп беруді сұрады, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
None
None

Ол химия өнеркәсібі саласында 24 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті. 2001 жылы Қ.Әлімханов кәсіби еңбекке қабілетін жоғалтуымен байланысты мүгедек болып қалды. Жыл өткеннен кейін Тараз қалалық сотының шешімімен кәсіпорыннан талапкердің пайдасына біржолғы жәрдемақы және кәсіби еңбекке қабілетін 80 пайызға жойғаны үшін 5,76 пайыз мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы өндіріп берді.

Бірқатар себептерге байланысты Тараз қалалық соты өз шешімімен талап-шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Моралдық залалдың орнын толтыру жөнінде 1 миллион теңге мөлшеріндегі өтемақы талабы да аяқсыз қалды.

Мамыр айында облыстық соттың апелляциялық сот алқасы сот актісін қайта қарап, бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгертті және «Қазфосфат» ЖШС-дан талапкердің пайдасына 3 166 136 теңге өндіруге қаулы етті.

Жоғарғы инстанциядағы сот ҚР Азаматтық кодексінің 938-бабының 6-тармағын негізге ала отырып, талапкерге төленбеген соманы өндіру жөніндегі талапты орынды деп таныды. Сөйтіп, «Қазфосфат» ЖШС ұсынған анықтамалардан талапкер жұмыс жасаған кезде 2011 жылғы заңнамадағы өзгерістер енігізгеннен бері оның кәсібі мен біліктілігі бойынша еңбекақы өсіп отырғаны байқалды.

Алқа көрсетілген кезеңдегі талапкерге төленген жәрдемақы мен еңбекақы ұлғаюы нәтижесінде қорданланған төленбеген сома арасындағы айырмашылықпенг есеп айырысу қажеттігін анықтады.

Алайда жауапкер облыстық соттың кассациялық алқасына шағым берді. Кассациялық сот алқасының қаулысымен жауапкер өкілінің шағымы қанағаттандырылмады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум