Сот орындаушысы 74 жастағы зейнеткер әйелге үш күннің ішінде жұмысқа орналасуын міндеттеді
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір бөлмелі пәтер бағасын төлету туралы сот ұйғарымы заңдық күшіне енген соң, акті сот актілерін орындау бойынша облыстық департаментіне жіберілді.
Сот орындаушысы зейнеткер әйелге сот актісін орындау талабын жіберді, сол бойынша әйел үш күндік мерзім ішінде 3,4 млн. теңгені төлеуге тиісті болатын. Бұдан басқа, сот орындаушысы 74 жастағы зейнеткер әйелден үш күннің ішінде жұмысқа орналасуды немесе жұмыспен қамту орталығына есепке тұруды талап етті, бұл талаптардың бірі орындалмаса, оның әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуын ескертті. Арызданушы әйел сот орындаушысының тағы бірнеше қаулыларын заңсыз деп тануды өтінді.
Сот шешімі бойынша арыз ішінара қанағаттандырылды.
Сот орындаушысының үш күндік мерзімде «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар орталығы» ММ-де тіркелу талабы заңсыз деп танылды.
Жауап беруші арызданушыға моралдық зиян келтіргені үшін 50 мың теңге көлемінде айыппұл төледі және оның сот шығындарын өтеді.