Сот санкциясы арқылы тұтқындау енгізілгеннен бері тұтқынға алу көрсеткіші 40 пайызға азайды - Қ.Мәми

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Өткен жылдың тамыз айынан бастап енгізілген сот жүйесі арқылы санкциялық тұтқындау азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда үлкен рөл атқарып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен қала судьяларының 2008 жылы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қорытынды кеңесінде Жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұл тәсіл қолданысқа енгізілген соң тұтқындау көрсеткіші 40 пайызға төмендеген. Алайда Жоғары сот төрағасының айтуынша, кейбір құқық қорғау және сот орындары жаңа өзгерістерге психологиялық жағынан дайын болмай шыққан. Қайрат Мәмидің айтуынша, қылмыстық іздестіру орындары тұтқындауға негіз болатын материалдарды жинауға толыққанды көңіл бөлмейді. «Сот тұтқындау туралы шешімді заң шеңберінде нақты дәлелі мен айғақтар негізіне ғана қабылдауы керек. Егер сот тұтқындауға шешім шығармаса, онда айыптаушы жақ нақты дәлелдер көрсетпеген болып шығады», дейді Қ.Мәми. Жоғары сот төрағасы бұл бағытта соттар мен құқық қорғау орындары қызметкерлері білімін жетілдіру үшін жоспарлы түрде оқу семинарларын өткізетінін мәлім етті.
Соңғы жаңалықтар