«Союз ТМА-15М» кемесі ұшуға әзір - Ұшыруларды басқару орталығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Машина жасау ғылыми-зерттеу институтының Ұшыруларды басқару орталығында «Союз ТМА-15М» көліктік кемесімен алдағы жұмыстарға әзірлк мәселелері бойынша жедел-техникалық басшылық кеңесі өтті.
None
None

Ұшыруды басқару орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшыруды жедел басқару басшылары экипаждар жаттығулардың толық циклын аяқтағанындыған және «Союз ТМА-15М» кемесі ұшыруға дайын екендігін баяндады.

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз ТМА-15М» кемесінің негізгі және қосалқы экипаждары - Ресейғарыш ғарышкері Антон Шкаплеров, астронавтар Саманта Крситоферетти (ЕҒА) және Терри Вёрста (НАСА), сондай-ақ Олега Кононенко (Ресейғарыш), Кимии Юи (ДЖАКСА), Челла Линдгрена (НАСА) ұшу алдындағы даярлықтарын аяқтап келеді.

ХҒС-қа аттанатын ұзақмерзімді экспедицияның құрамын Байқоңырдағы мемлекеттік комиссия ұшыруға бір тәулік қалғанда түпкілікті бекітеді.

«Союз ТМА-15М» кемесінің ХҒС-ға ұшырылуы 24 қарашаға мәскеу уақытымен 00 сағат 01 минут 14 секундқа белгіленген.

Соңғы жаңалықтар