Созақ жұрты Жолдауды жылы қабылдады - ОҚО

Облыс бойынша өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің Созақ ауданындағы үлесі 30 пайызды құрайды. Өңірде өнеркәсіп саласы бойынша биылғы жылдың 9 айында тауарлы өнім өндіру көлемі 141 млрд. 560 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 107,5 пайызға артығымен орындалды», - деді.
Ауданда мемлекеттік бағдарлама, индустриалды аймақтың жұмысы, ауылшаруашылық саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы да өз деңгейінде іске асырылуда. Индустриалды аймақта өз өндірісін дамытуға 5 кәсіпкерлік жоба өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданған болса, 1 жоба, UKO-S Star ЖШС былтырдан бері жұмыс істеп тұр. 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін, тағы бір ауқымды жоба «Благо Лизинг НПЗ» компаниясы зауыты алдағы уақытта құрылысын аяқтап, жұмысын бастауға әзір. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ қажетті металл бөшектер, құрал жабдықтар жасайды. Осы бағыт аясында тұз өндіру, асфальт, қиыршық тас өндіретін кәсіпорындар іске қосылмақ.
Сондай-ақ, аудан әкімі: «Ауылшаруашылығында да ауқымды істер жүзеге асырылып отыр. Әсіресе, мүйізді ірі қара малын асылдандыруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Есептік мерзімде 954 бас мал тұқымдық түрлендіруге тартылып, бұл белгіленген межеден 119 % тапсырма орындалды. «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 4 шаруа 33 млн. 239 мың несие алып, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 647 уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 129 жылқы алды. Бүгінгі күнге 237,0 млн. теңгенің құжаттары мақұлданып, жыл соңына дейін несиеленетін болады. Облыста мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде «Шолаққорған» СТК ашылды. Жолдаудағы айтылған өзекті мәселелердің бірі, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Денсаулық сақтау, әлеуметтік сала білім беру бағыттары бойынша бұрынғы бағдарламалар жалғасын табатынын айтты. Қазіргі таңда ауданымызда бір ғана мектеп, Аққолтық елді мекеніндегі Ш. Уалиханов жалпы орта мектебі үш аусыммен оқиды. Алдағы жылы, аталған мектептің жаңа ғимараты соғылып, ауданымызда үш аусыммен оқу процессі мүлде тоқтатылады. Ал мектеп жасына дейінгі оқыту саласы бойынша жоғары көрсеткіштеміз, қазіргі уақытта балабақшамен қамтамасыз ету 75 пайызға орындалды. Ал 2018 жылы балабақшамен қамтасыз ету мәселесі 100 пайызға орындалатын болады.
Ауданымызда денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар да қарқынды жүріп жатыр. Сала мамандарының жүйелі түрде атқарған жұмыстарының нәтижесінде, ана өлімі соңғы үш жылда тіркелмеген, нәресте өлімі өткен жылмен салыстырғанда біршама қысқарған. Керсінше туу көрсеткіші 9 айда 1303 баланы құраған. Өткен жылғы мерзімнен салыстырғанда 103 пайызға артқан. Дегенмен, Жолдаудағы жаңа тапсырмаларға сәйкес, қосымша іс шаралар атқарылады», - деді.