Созақта «Нұр Отан» аудандық филиалының есеп беру конференциясы өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының кезекті ХХVІ есеп беру - сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Конференцияға аудандық партия филиалына қарасты 15 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, атқарушы және өкілетті билік өкілдері, құқық қорғау мекемелерінің басшылары, саяси партия, қоғамдық ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция төралқасына «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Исаев, Партияның облыстық филиалы партиялық жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Е.Бертаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Байғараев, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов сайланып, конференция жұмысын жүргізіп отырды. Делегаттардың дауыс беруімен конференцияның жұмысшы органдары сайланды. 
Мұнан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе - аудандық партия филиалы саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудандық партия филиалы саяси кеңесінің құрамын сайлау және облыстық партия филиалының кезекті есеп беру - сайлау конференциясына делегаттар сайлау бойынша ұсынылған партия мүшелерінің кандидатуралары бірауыздан қабылданды.
«Нұр Отан» партиясының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтарға партияның облыстық филиалының алғыс хаттары тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар