Сподаренко Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.
Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.
Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды — 1:02.05.
Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді — 1:02.42.
Осыдан бұрын каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Дайяна Даренская Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанғаны белгілі болды.
Қазақстандық зілтемірші Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль иеленсе, Артем Антропов қола жүлде еншіледі.