СПОРТ: 22 елдің айтулы балуандары Барқытбелдің баурайында белдесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы аумағында орналасқан киелі зиярат орны - Ырғызбай әулие Досқанаұлының кесенесінде әлемнің 22 мемлекетінен балуандар келіп, боз кілемде күш сынасты.
None
None

Алыс-жақын мемлекеттерден келген балуандар және республиканың түкпір түкпірінен келген қонақтар 27 мамыр күні Ырғызбай әулие Досқанаұлының кесенесінде жиналып, қасиетті әулиеге арналған асқа қатысты. Ас пен сайыстың құрметті қонақтары қатарында палуан Дәулет Тұрлыханов, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов, ақын Ұлықбек Есдәулетов, «Ұлы дала қырандары» қоғамдық мәдени әлеуметтік қозғалысының тең-төрағасы Сәдібек Түгел, «Нұр Отан» партиясын төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, ардагер жазушы-журналист Сайраш Әбішқызы және т.б. қатысты. 

«Бұл - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі, ШҚО әкімдігі, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Дүниежүзі күрес түрлері қауымдастығы қазақ күресінен дәстүрлі Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық Гран-при бәсекесі», - делінген ұйымдастырушылар таратқан ақпаратта.
Ұйымдастырылған 4-ші халықаралық турнирде Германия, Белгия, Чехия, Польша, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Моңғолия, Армения, Әзербайжан, Белорусия және Латвия мемлекеттерінің 80-ге жуық балуаны бақ сынады. Қазақ елінің намысын ұлттық құрама сапындағы 8 балуан қорғады.
Айта кетейік, Ырғызбай Досханаұлы атындағы жарыс ең алғаш рет облыстық деңгейде ұйымдастырылған болатын. Бұл бастама 2013 жылы аймақтық деңгейде өтсе, 2014 жылы республикалық деңгейде, былтырдан бері халықаралық деңгейге көтеріліп, ағымдағы жылы IV-ші рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр.
Жарыстың жүлде қоры - 6 млн теңге. Гран-приді Беларусь палуаны Вахабер Алесандар иеленсе, ал жеңіл салмақтағы «өгіз» палуаны атағын шымкенттен келген жас палуан Ерсұлтан Мұзафаров иеленді. Атаулы турнирдің бас демеушісі - «Казцинк» АҚ.
Сонымен қатар, 29 мамыр күні Екпін ауылында Ырғызбай Досқанаұлы қазақ күресі шара аясында бәйге төбесінде дүркіреген ат жарысы ұйымдастырылды. 5 шақырымдық «Тай» жарысы, 10 шақырымдық «Тоқ» бәйгесі, 30 шақырымдық «Аламан» бәйге ұйымдастырылды. Бас жүлдеге темір тұлпар тігілді.

Соңғы жаңалықтар