СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК: 2012 жылғы Лондон олимпиадасында жарыс жолына жеңіл атлеттер шығады

Жарыс жолына жеңіл атлеттер шығады. Бұл сайыстарда үш секіріп қарғу еліміздің көшбасшысы Ольга Рыпакова өз бағын сынайды. Сонымен қатар Қазақстан жоғары наградаға үміт артып отырған спортшысы әлемнің екі дүркін чемпионы, зілтемірші Свелтана Подобедова 75 келі салмақ санатында жарыс жолына шығады. Ал бүгін тәмамдалатын дзюдо жарыстарында Гүлжан Исанова мен Ержан Шынкеев қазақ елінің намысын қорғайды.
ҚазАқпарат «Хабар» телеарнасы көрсететін қазақстандық олимпиадашылар жарыстарының кестесін оқырман назарына ұсынады:
Дзюдо
14.37. - 1/16 финал. - 100 кг-ден жоғары. Ержан Шынкеев (Қазақстан) - Файсел Джабалах (Тунис).
16.30 - 1/8 финал.- Гүлжан Исанова - На-Йонг Ким (Корея).
жеңіл атлетика
15.05 - Жетісайыс. - 100 м кедергімен. Іріктеу сыны. Ирина Карпова.
15.25 - Үш қарғып секіру.- Іріктеу сыны. Ольга Рыпакова мен Ирина Эктова.
16.15 - 400 м кедергімен. - 1 раунд. Виктор Лептиков.
16.15 - Жетісайыс.- биікке секіру. Ирина Карпова.
17.00 - 400 м. - Марина Масленко.
18.00. 3000 м кедергімен. Іріктеу сыны. Артём Косинов
00.00 - Жетісайыс.- ядро серпу. Ирина Карпова.
01.45 - Жетісайыс.- 200 м. Іріктеу сыны. Ирина Карпова.
Ауыр атлетика
20.30 - 75 кг. дейін. - Светлана Подобедова.
Ауыр атлетика турнирі «Хабар» телеарнасынан сағат 20:30-дан 22-10-ға дейін тікелей эфир арқылы көрсетіледі
Бокс
02.15.- 1/8 финал. 52 кг. дейін.Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) - Эндрю Шелби (Ұлыбритания).
03.15 - 1/8 финал. 69 кг. дейін. Серік Сәпиев (Қазақстан) - Ясухиро Сузуки (Жапония).
52 және 69 кг салмақ санатына дейінгі бокс жекпе-жектері «Хабар» телеарнасынан сағат 01.30-дан 03.30-ға дейін тікелей эфир арылы көрсетіледі.