СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК: 29 шілдеге арналған Олимпиада ойындарының кестесі

Ел намысын Тұманды Альбион елінде қорғайтын біздің ұлттық құрама сапынан боксшыларымыз Ғани Жайлауов пен Серік Сәпиев шаршы алаңға (13.30, 20.30, 15.00, 22.00 - «Хабар», «Ел Арна», Астана уақыты бойынша) көтеріледі. Сонымен қатар бүгін ел құрамасындағы ең жас спортшылардың бірі гимнасшымыз Мөлдір Әзімбай (09.30-20.00) өнер көрсетуі керек. Теннистен жеке және жұптық сындарда Михаил Кукушкин, Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова кордқа шығады. Ал еліміздің су добынан ұлттық құрамасы Испанияға (11.20) қарсы ойнайды.
ҚазАқпарат өз оқырмандарының назарына бүгінгі ойындар кестесін ұсынады:
11.30, 15.30, 21.30 - Бадминтон. Барлық 5 разядта да топтық кезең ойындары.
11.30, 13.45, 16.45, 19.00, 22.00, 0.15 - Көгалдағы хоккей. Әйелдер. Алдын ала кезең ойындары.
12.00, 18.00, 19.40, 20.33, 21.01 - Садақ тарту. Әйелдер. Командалық. 1/8, 1/4, 1/2 финал, қола мен финал үшін сайыстар.
12.00, 14.45, 17.00 - Нысана көздеу. Әйелдер. Тапанша, 10 м. Скит. Квалификация, финал.
12.00, 14.15, 17.30, 19.45, 23.00, 1.15 - Баскетбол. Ерлер. Топтық кезең ойындары (6 ойын, 23.00 - Ресей - Ұлыбритания).
12.00, 14.00, 16.30, 21.30 - Үстел теннисі. Әйелдер, ерлер. Жеке разряд. Алдын ала раунд, екінші және үшінші айналым.
12.00, 17.30, 23.00 - Жағажай волейболы. Квалификациялық ойындар
12.30, 17.00, 19.00 - Дзюдо. Ерлер. 66 кг. салмақ санатына дейін. Әйелдер. 52 кг. Алдын ала белдесулер, жартылай финал, қола мен финал үшін белдесулер.
12.30, 14.15, 17.45, 19.30, 23.00 - Спорттық гимнастика. Әйелдер. Квалификация.
12.30, 14.15, 17.30, 19.15, 22.30, 0.15 - Гандбол. Ерлер. Топтық кезең жарыстары (6 ойын).
12.30, 14.30, 17.45, 19.45, 23.00, 1.00 - Волейбол. Ерлер. Топтық кезең жарыстары (6 ойын, оның ішінде 14.30 - Ресей - Германия).
12.30-14.40 - Академиялық есу. Алдын ала жарыс.
13.00-15.50, 22.30-0.00 - Жүзу. Ерлер. Еркін стиль, 4х100 м. Алдын ала жүзу, финал. Брасс, 100 м. Финал. Ерлер стиль, 200 м. Шалқалай, 100 м. Алдын ала жүзу, жартылай финал. Әйелдер. Еркін стиль, Алдын ала жүзу, финал. Баттерфляй, 100 м. Финал. Шалқалай, 100 м. Брасс, 100 м. Алдын ала жүзу, жартылай финал.
13.00, 14.20, 17.10, 18.30, 21.20, 22.40 - Су полосы. Ерлер. Топтық кезең ойындары
13.00 - Ат спорты. Бастықтыру. Екінші күн.
13.30, 14.30, 16.10, 17.10, 21.00, 21.50, 22.10 - Семсерлесу. Ерлер. Қылыш. Жеке біріншілік. 1/32, 1/16, 1/8, 1/4, 1/2 финал, қола мен финал үшін сайыс.
14.30 - Теннис. Ерлер, әйелдер. Жеке және жұптық разрядтар. Алғашқы айналым.
15.00 - Вело тас жолы. Әйелдер. Топтық жарыс.
15.00 - Желкенді спорт. «Финн», «Жұлдызды». Бірінші және екінші жарыстар. «Матч-рейс». Алдын ала раунд.
15.00, 17.30, 18.00, 20.00, 20.15, 22.45 - Футбол. Ерлер. Топтық кезең ойындары (7 ойын).
16.30, 23.30 - Бокс. Ерлер. 60 және 69 кг. дейінгі салмақ санаттары 1/16 финал.
16.30, 17.24 - Байдарка мен каноэ есу. Ерлер. Байдарка-жеке, каноэ-жұп. Квалификация.
18.00 - Суға секіру. Әйелдер. Синхрон. Трамплин, 3 м.
18.30, 22.00 - Ауыр атлетика. Әйелдер. 53 кг. дейінгі салмақ санаты, ерлер. 56 кг дейін.