Спортта медицина мен психология ғылымдарының көмегінсіз жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес - Ю. Цхай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Үлкен спортта бүгінгі таңда медицина мен психология секілді ғылымдардың көмегінсіз жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясында «Аруана» көпатқарымдық және көпбейінді сауықтыру орталығының ашылу рәсімі барысында Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, КСРО және ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Цхай осылай деді.
None
None

«Мен өз басым консервативті адамдардың бірімін. Жаңалықтарға сын көзбен қараймын. Бірақ, дәл бүгінгі таңда ғылымның көмегінсіз, яғни медицина, психология және басқа да ғылымдардың көмегінсіз үлкен спортта жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Соған көзім жетті. Қазір, бапкерлеріміздің де ғылыми негізде жұмыс істей бастағаны мені қуантады. Бұрын, кеңес заманында біз боксшылардың бар күш-қуатын сарқа жұмсап жүріп жететін биігіміз ол Олимпиада ойындары болатын. Одан әрі боксшының спорттағы өмірі аяқталатын. Ал қазір басқаша. Бір ғана бапкердің түйсігіне, ақылына иек артатын заман келмеске етті. Қазір, мынадай ғылыми орталықтардың арқасында спортшылардың спорттағы өмірін ұзартуға болады. Олар, Олимпиададан кейін де мысалы кәсіпқой бокста өнер көрсете алады. Яғни, ғылыми орталықтар арқылы спортшының тылсым күш-қуатын, әлеуетін дамытуға әбден болады», - деді Ю. Цхай.

Соңғы жаңалықтар