Спорттық гимнаст С.Горбачев 1 тамыз күні финалда бақ сынайды - Олимпиада 2012

АЛМАТЫ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Спорттық гимнастикадан алғашқы отыздықтың қатарына енген  Степан Горбачев медальдан үмітті.
None
None

Жаттықтырушы Айгүл Тоқтарбайқызы бүгін  Алматыдағы Олимпиадалық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Биыл спорттық гимнастика тарихында тұңғыш рет  Олимпиадаға 2 спортшымыз қатысты. Олар - Мөлдір Әзімбай мен Степан Горбачев. Көпсайыс пен дәрежелік сайыстардан бәсеке ерлер арасында 28 шілдеде, ал әйелдер арасында 29 шілдеде өткен болатын. Олимпиадаға биыл тұңғыш рет қатысып отырған М.Әзімбай бірқатар қателіктер жіберіп, жарыстың келесі кезеңіне өте алмады», - дейді А.Тоқтарбайқызы.

Оның айтуынша, енді басты үміт дәрежелік сында отыздыққа енген С.Горбачевте. Ол 1 тамызда болатын финалдық ойындарда бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар