08:51, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Степногорск қаласында екі адамның өмірін қиған күдікті қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында екі адамның өмірін қиған күдікті жергілікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Макин және Степногорск қалаларында екі ананың қайғылы ажалы халықты дүр сілкіндірген еді. Суыт оқиғаға байланысты жедел іздестіру іс-шаралары қолға алынып, Степногорск қаласында Бұланды ауданының орталығы Макин қаласының тұрғыны қолға түсті. Алдын ала жүргізілген тергеу барысында мәлім болғанындай күдікті Макин қаласында 23 жастағы екі қабат әйелді пышақтап мерт қылып, 15 мың теңгесін алып кеткені, араға аз уақыт салып Степногорскіде 21 жастағы әйелді де айуандықпен қанжоса еткені белгілі болды. Бірінші әйелдің бір жарым жасар баласы жетім қалған. Қазір осы қылмыстық оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 1-ші бабы 96-шы тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.