Степновск мектебі 10 күнтізбелік күнге уақытша тоқтатылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Астрахан аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасау бойынша «Степновск негізгі мектебіне» қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Сот анықтағандай, аталған мектепте диплом мамандығы бойынша сәйкес келмейтін және арнайы педогогикалық білімі жоқ мұғалімдер сабақ беріп келген. Сонымен қатар, мектеп ҚР білім саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы білім саласындағы бақылау бойынша департаменті берген ұйғарымды орындамаған. Сот қаулысымен «Степновск негізгі мектебі» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қаулы заңды күшіне енген күннен бастап, 10 күнтізбелік күнге мектеп қызметі уақытша тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар