«STOP трафик» жедел алдын алу шарасы біраз заңсыздықтарды анықтады

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Атырау облысы Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасы, трафикке жататын қылмыстарды анықтау, жезөкшелікпен айналысуға итермелеу фактілері, притон ұстайтын орындарды және жеңгетайлықты анықтау мақсатында тамыздың 9-ы мен 13-і аралығында «STOP трафик» шарасын жүргізді,
None
None

деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен Гүлнәзира Мұхтарова.

ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығы, полиция полковнигі Асылбек Темірғалиевтың айтуынша, аталмыш шараны өткізу кезінде адам саудасы, құлдық фактілерін анықтау мақсатында күдік тудыратын пәтерлер мен газет бетіндегі жарнамалар және жезөкшелер көптеп жиналатын орындар тексерілді. Атап айтқанда, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізілген шаралар кезінде жеңгетайлық фактісі анықталды. Құлсары тұрғыны, 38 жастағы азаматша, өз пәтерінде 24 жастағы бойжеткенді 3000 теңгеге жезөкшелікке тарту кезінде ұсталды. Бұл факті бойынша азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Облыс орталығы Атырау қаласында жезөкшелікпен айналысып жүрген 14 бойжеткен ұсталып, есепке қойылды. Аталған қыздардың біреуі өзін Өзбекстан Республикасынан, алтауы Оңтүстік Қазақстан облысынан келгенбіз деп таныстырды. Бұл қыздардың барлығы есепке алынып, дәрігерлік тексерістер /тері-венерологиялық,спид,т.б./ тағайындалды. "Жеңіл жүрісті" бойжеткендердің құжаттары жоқтары жеке бастарын анықтау үшін ОІІД қабылдау-бөлу орнына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар