Страсбургте Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Еуроодақ пен НАТО жанындағы миссияның басшысы Ерік Өтембаевтың Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Турбьёрн Ягландпен Страсбургте болған кездесуі барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
None
None

Бас хатшы республиканың Болондық білім беру үдерісіне бірігу үдерісін тездетуге мүмкіндік берген біздің мемлекеттің ағымдағы жылдың наурызында Еуропалық мәдени конвенцияға қосылуы басты оқиғасы болып отырған Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сұхбаттың даму қарқынын үлкен ризашылықпен атап өтті.

«Қазақстан Еуропа Кеңесімен жұмыстың барлық бағыттарында белсенділік танытуда. Біз бұны жоғары бағалаймыз. Сіздер конвенцияларға бірігу жолы арқылы Еуропа Кеңесіне жақындай түсіп отырсыздар», - деп атап өтті Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы

Өз кезегінде Е.Өтембаев Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі - ортақ еуропалық құқықтық кеңістік құру барысында толық дәрежеде ықпалдасуға мүмкіндік беретін қылмыстық-құқықтық аспектінің маңызды еуропалық конвенциялары қатарына қосылу болып табылатындығын жеткізді.

2010 жылдың наурызында біздің мемлекет жемқорлыққа қарсы қылмыстық және азаматтық жауапкершілік конвенциясына қосылуға тағы да өтініш білдірді. Осы мәселені ұтымды шешу мақсатымен ҚР Брюссельдегі елшілігі ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Еуропа Парламенті және жемқорлыққа қарсы топтардың жалпы сессиялары барысында жемқорлыққа қарсы қазақстандық тәжірибенің тұсаукесерін өткізуін, сондай-ақ Бельгия полицейлері мен Трасперенси Интернешнл ұйымымен кездесуін ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар