Студенттер құқығын қорғайтын жоба қуатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің мәжіліс залында Қазақстан студенттер альянсы қолға алған "Студенттік омбудсмен" жобасының тұсаукесер рәсімі болды.
None
None
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға басқарма мамандары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының шәкірттері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан студенттер альянсының аймақтық көшбасшысы Гауһар Әбдиева жобамен жан-жақты таныстырып, алдағы жұмыстарға тоқталды. Альянстың V республикалық слетінде қабылданған жоба негізінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарында омбудсмендер ? адам құқықтарын қорғайтын уәкілдер сайланды. Олардың қызметі студенттердің әлеуметтік құқықтарын қорғайды және жастарға құқықтық тәрбие берумен айналысады. Жоба жоғары оқу орындарындағы қарым-қатынастарды реттей отырып, білім алушылардың азаматтық құқығы мен мәдениетінің дамуына үлес қосуды көздейді. Жастар құқықтық тәрбие бағытында білімін жетілдіріп, өз құқығының бұзылмауына негіз қалайды. Біздегі 5 жоғары оқу орнындағы студенттердің арыз-шағымдарына назар аударып, ол бойынша тиісті шаралар қолдануға күш салады. Дау тудыратын жағдай орын алғанда, оны шешу жолдарын қарастырады.
Соңғы жаңалықтар