Студенттің мүліктік кепілдемесі жоқ болған жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ кепілдік береді - ҚР Білім және ғылым министрі

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Үкіметі жеңілдетілген білім кредитінің аясын кеңейту мақсатында студенттерге арналған жеңілдетілген білім кредиті бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл өзгерістер заем алушы студенттердің қатарын кеңейтіп, жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ақылы жоғары оқу саласында орын алып жатқан қиын кезде осы өзгерістер мен толықтырулардың әлеуметтік мәні зор», деп атап өтті ведомство басшысы.
Баспасөз мәслихатында кредит берудің шартына өзгерістер енгізілгендігі айтылды. Атап айтқанда, енді студенттің мүліктік кепілдемесі жоқ болған жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ кепілдік береді. Сондай-ақ жеңілдетілген білім кредиттерінің мерзімі 15 жылдан 17 жылға ұзартылды. Кредитті қайтарудың жеңілдетілген кезеңінің мерзімі 6 айдан 1 жылға ұзартылды. Енді түлектер қарызын оқуын аяқтағаннан бастап 6 ай өткеннен кейін емес, 1 жылдан соң төлей бастайды.