Су басу қаупіне байланысты Баянауыл ауданында қауіпсіз аумаққа халықты көшіру мен малды айдаудың жоспары жасалды - Павлодар облысының әкімі

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Баянауыл ауданында су қаупі төнген үш ауылдағы жағдай төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті өкіметтің бақылауында.
None
None

Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев аталған аймақта жұмыс сапарымен болып, осыған көз жеткізіп қайтты.

«Халықты қауіпсіз жерге көшірудің жоспары жасалған, малды айдайтын жер де таңдалған. Аудандық төтенше қызметтің барлық техникасы бөгетті бекітуге жұмылдырылып отыр», - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

Сондай-ақ ауданға 4 миллион теңге қаржы және жанар-жағармайдың қосымша қоры бөлінді. Жергілікті шаруашылық басшыларымен тасқын суға қарсы жұмыстарға олардың техникаларын пайдалану туралы келісім жасалып отыр.

Көктемгі су тасқынын бақылау - Б.Сағынтаев аудан активіне таныстырған ауданның жаңа әкімі Ернұр Айткеновтың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.

Сондай-ақ облыс әкімі Баянауылда жаңадан салынған мектеп-интернатта болды.

Соңғы жаңалықтар