Су тасқынынан кейін қалпына келтірілген Қызылағаш ауылында қайғылы оқиғаға кінәлі адамдарға қатысты сот үкімі шығарылды
Талдықорған әскери гарнизонының соты Дамир Ахтямов «Қызылағаш» табиғатты пайдаланушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Қуаныш Бекеевті ҚР Қылмыстық кодексінің 232- бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды, ол 3 жыл кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды.
«Қызылағаш» табиғатты пайдаланушылар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының атқарушы директоры Мұхит Жүнісов ҚР қылмыстық кодексінің 232-бабы бойынша 3 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан шектеліп, 5 жылға абақтыда жазасын өтейтін болды.
Қызылағаш ауылының әкімі Есет Жүнісов 316-баптың 2-тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан және 3 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылып, абақтыға жабылды.
Ақсу ауданының төтенше жағдайлар қызметінің бастығы Күнібек Байзақов 316-баптың 2-тармағы бойынша кінәлі деп табылып, 2 жыл шартты түрде бас еркіндігінен айырылды.
Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаев пен Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Евгений Енин кінәсіз деп табылып, айыптары дәлелденбегеніктен сот залында босатылды.